386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тарбағатай ауданы Семейде жәрмеңкелер өткізді

  • 1953

Семей тұрғындарына сапалы әрі арзан ауыл шаруашылығы өнімдері мен оқу орындарының түлектеріне жаңа жұмыс орындары ұсынылды.

Тарбағатай ауданының әкімдігі Семейде қос бірдей жәрмеңке өткізді. Ақ қар, көк мұз бен үскірік аязға қарамастан, сонау шалғай ауылдан әкелінген ет-сүт өнімдерін шаһар халқы сатып алды. Өйткені бағалары да нарықтан 20 пайызға арзан болды. Барлығы 8 тоннадан астам тауар саудаланды. Бұрын тек мал шаруашылығымен аты шыққан ауданда бүгінде бос жатқан жерлер қарқынды игеріліп жатыр. Былтыр 2 мың гектар жер айналымға қосылса, биыл тағы мың гектар қосу жоспарланған. Яғни ауданға мұғалім мен дәрігерден өзге агроном, технолог, гидро-инженер сияқты мамандар тапшы. Оларға көтерме ақы мен баспана алуға жеңілдетілген несие берілмек.

Еркежан Нұғымар, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің студенті:

- Мамандығым биотехнология. Соған байланысты онда қандай цехтар бар екені, ол жақта технологтар керек екені айтылды. Жұмысқа шақырды. Өз мақсатым – жаңа технологиялар бойынша ауылға барып, үйретіп, экономиканы дамыту.

Ділдабек Оразбаев, Тарбағатай ауданының әкімі:

- Соңғы 3 жылдың өзінде бізге 120-ның үстінде жастар келіп, әртүрлі мамандықтар бойынша жұмысқа тұрды. Бүгінгі жәрмеңкеде 60-тан астам жас келіп, келесі жылы жазда оқу бітіргеннен кейін біздің ауданға бару туралы ниет білдірді. Бәрімен келісімшарт жасасты. Келген жағдайда үй мәселесін шешіп береміз, жұмыс мәселесі шешіледі.

Хабар 24 телеарнасы