389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында полицияға көмек беретін еріктілер тобы құрылмақ

  • 1055

Малды ауылдың қорасына ұры түспеуі үшін күзет мықты болуы тиіс.

Ақтөбе өңірінде полицияға көмек беретін еріктілер тобы құрылмақ. Ел аралап жүрген жұмыс тобымен кездесуде осындай мәселе қаралды. Облыста халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, әлеуметтік ахуалын көтеру мақсатында арнайы комиссия құрылған еді. Бұл жолы құқық қорғау органдарының өкілдері Қарғалы және Қобда аудандарында болды.

Қобда ауданы Әлия ауылына ат басын бұрған жұмыс тобы халықпен кездесті. Күре жолдың бойында орналасқан ауылда екі жүзден астам түтін бар. Елді мекеннің қылмыстық ахуалы да тұрақты. Жыл басынан бері округ бойынша 7 қылмыс тіркелсе, оның алтауы ізі суымай ашылған. Мал қораға тұрғаннан кейін ауыл халқы қауіпсіздік шараларын ойластырып, қам жасалып, учаскелік инспекторға көмекшілер тобын жасақтап жатыр. Олар түн мезгілінде кезекшілік етеді.

Қашқынбай Жанаев, Ардагерлер кеңесінің мүшесі:

- Жалғыз инспектор ештеңе істей алмайды, қасында 2-3 адам күнде болып, бірге аралайды, сонда қылмысты жасайтын кісілер де қорқып кетер еді. Сол үшін тағайындап, ұйымдастырып жатырмыз.

Жұмыс тобы мүшелері тұрғындардың талап-тілектерін тыңдап, сауалдарына жауап берді. Төтенше жағдайлар бола қалса, жедел әрекет ету шаралары туралы айтып, ақпараттық түсіндіру парақшаларын таратты. Ауыл мектебінде болып, оқушылармен оқу-жаттығу өткізді.

Қаныбек Жақсығалиев, облыстық ІІД басшысының орынбасары:

- Ауылдың тыныштығы керек, елдің тыныштығы керек, жалпы, елдің тыныштығы халықтың өз қолында. Бүгінгі таңда Қарғалы мен Қобда аудандарын қосатын болсақ, халықпен 52 кездесу ұйымдастырдық, 5000 халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Біздің полиция қызметкерлерінің негізгі мақсатыхалық бізге баға береді. Солардың ұсыныстарын қабылдап, тиісті шара қабылдау.

«Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» акциясы аясында жеті бағыт бойынша бірнеше топ аудандарды аралап жүр. Ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту мақсатында семинар-тренингтер ұйымдастырылып, мамандар дәріс оқиды. «Жақыныңа жәрдемдес» қайырымдылық шарасы кезінде тек Әлия ауылында 10 отбасы материалдық көмек алды.

Авторлары: Ақсәуле Байменшина, Болат Молдағалиев

Хабар 24 телеарнасы