378,62 431.00 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астана мен Алматы әуежайында рейстер кешігуде

  • 688

Астана мен Алматы халықаралық әуежайында жиырмадан астам әуе рейстері кейінге шегеріліп, тіпті кейбіреулері кестеден алынды.

Әуе тасымалымен айналысатын компаниялардың бірі бұған күн райының бұзылуы себеп деп отыр. Соның салдарынан кейбір бағыттардан ұшақтар дер кезінде жете алмаған. Дәл қазір жағдай біршама реттелді, - деп хабарлайды Астана әуежайының диспетчерлік қызметі. Алматы және Талдықорған бағытындағы рейстердің ұшу уақыты өзгерген. Ал Атырау бағытындағы рейс кестеден алынды. Сондай-ақ, Алматыдан Семей және Атырауға ұшу әзірге мүмкін емес. Бұдан бөлек, Бішкек пен Тбилиси халықаралық рейстері кейінге шегерілді.

Хабар 24 телеарнасы