389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Марат Бисенғалиевтің оркестрі Оралда өнер көрсетті

  • 532
Марат Бисенғалиевтің оркестрі Оралда өнер көрсетті

Оралда ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әйгілі скрипкашы Марат Бисенғалиев жетекшілік ететін оркестрдің «Көптен күткен кездесу» атты концерті өтті.

Классикалық өнер кешінде Алматылық оркестр мэтрдің «Көшпенділер» альбомынан белгілі шығармаларын орындады. Араға бірнеше жыл үзіліс салып, тыңдармандарымен қайта қауышқан дарын иесін оралдық өнер сүйер қауым ыстық ықыласпен қарсы алды.

«Оралда болмағаныма 10 жылдай уақыт өтіпті. Үнемі гастрольдік сапарда жүремін. Бұл жолы мені жақсы қарсы алып жатыр. Бұл жерде енді оркестр құру жоспарымда жоқ. Бірақ өнер сапарымен келіп тұруға болады», - дейді скрипкашы.

Дайындаған: Талғат Серікқалиұлы.

Хабар 24 телеарнасы