388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Е.Ыдырысов чехиялық әріптесі Любомир Заоралекпен кездесіп, келіссөздер жүргізді

  • 476

Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов елімізге ресми сапармен келген чехиялық әріптесі Любомир Заоралекпен кездесіп, кең құрамда келіссөздер жүргізді.

Қос мемлекет арасындағы саяси-әлеуметтік, сауда-экономикалық байланыстар барысын пысықтап, одан әрі дамту жолдарын талқылады. Ресми сапар аясында екі елдің іскер топтарының қатысумен, бизнес форум өтіп жатыр. Заоралек мырза 30-ға тарта кәсіпкердің келгенін айтты. 2016 жылдың қаңтар-қыркүйек арасындағы екі ел арасындағы сауда айналымы 165 миллионнан астам АҚШ долларын құраған. Яғни, экономикалық байланыс былтырғымен салыстырғанда да арта түскен. «Мәдени-гуманитарлық қарым қатынасты дамыту маңызды», - дейді Ыдырысов. Прагада қазақ ойшылы, ақын Абайға ескерткіш орнатылады. Білім саласында келісімге қол қойылды. Ендігі кезекте ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Чехия Республикасы сыртқы істер министрлігіне қарасты дипломатиялық академия арасында іскерлік байланыс орнайды.

Ерлан Ыдырысов, ҚР Сыртқы істер министрі:

- Бүгінгі кездесуде екі жақты саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және халықаралық мәселелер талқыланды. Келіссөздеріміз жемісті өтті. Қазақстан мен Чехия арасындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын белгіледік.

Хабар 24 телеарнасы