385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Хабар» телеарнасының жаңа жобасы көрермендерге жол тартады

  • 727

«Хабар» телеарнасының жаңа жобасы, «Сапарластар хикаясы» атты жолсеріктердің қызыққа толы өмірі баяндалатын телефильм көрермендер назарына ұсынылады.

Бұл туындының алғашқы сериясы бүгін «Хабар» арнасында көрсетіледі. 16 бөлімнен тұратын фильм авторлары көрермендерге көптеген тосынсый әзірлеп отыр. «Әр сериясы – өзіндік бояуға, мейірім шапағатына, қызықты оқиғаға толы», - дейді кино мамандары. Фильмнің қоюшы-режиссері Серікбол Өтепбергенов көрермендерді күлкіге қарық етпек.

Серікбол Өтепбергенов, қоюшы-режиссер:

- Бұл фильмді жастар аудиториясына арнап отырмыз. Әр бөлімге жеке-жеке оқиғалар арқау болды. Телехикая кейіпкерлері тап болатын жәйттар, езу тарттырар көріністер – соның куәсі.

Бас жолсерік Борзани командасына келіп, енді ғана еңбек жолын бастаған Асан ролін жас актер Серік Шәріп ойнайды. Жас жігіт бала күнінен жолсерік болуды армандайды. Бұдан арғысы әзірге құпия бола тұрсын, - дейді режиссер.

Серік Шәріп, актер:

- Менің кейіпкерімнің аты Асан. Ол арманшыл жігіт. Сенгіш. Бірақ өзінің ішінде бір ойы, мақсаты бар. Ол осы теміржолда жұмыс істейді.

Фильмнің негізгі кейіпкерлері – отандық жолсеріктер. Олардың жұмысы түрлі оқиғалар мен қатерге толы. Жетекші рольдерде кәсіби актерлермен қатар еліміздің танымал әншілері де ойнайды. Олардың арасында Айқын Төлепбергенов пен Айжан Нұрмағамбетова да бар. Сонымен бүгіннен бастап, «Хабар» арнасында 19:00-дегі «Қорытынды жаңалықтардан» кейін көрсетілетін «Сапарластар хикаясы» атты фильмді қалт жіберіп алмаңыздар.

Авторлары: Бақыт Бұхарбек, Фариза Болатбек, Нурдаулет Жаксыбаев.

Хабар 24 телеарнасы