385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шаруаларға 3 пайызға дейін төмендетілген несие алуға мүмкіндік туды

  • 481

Келер жылы шаруалардың 3 пайызға дейін төмендетілген несие алатын мүмкіндігі бар.

Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа мәжілісінде белгілі болды. Министрдің бірінші орынбасары Қайрат Айтуғановтың айтуынша, дәл осындай жылдық жарна «Қазагро» қаржылық ұйымында іске асырылады. Сондай-ақ, жиында субсидия жобасына да өзгерістер енетіні белгілі болды.

Қайрат Айтуғанов, ҚР Ауыл шаруашылық министрінің орынбасары

- Гектарлық субсидиядан біз дайын өнім мен көктемгі егіс жұмыстарын субсидиялауға көшуді қарастырып жатырмыз. Оған жем мен май өндіруші зауыттардың өндіріс көлемінің аздығы себеп болды.

Ауыл шаруашылығы министрлігі алдағы бес жылда 670 мың қосалқы шаруашылықты кооперацияға біріктіруді көздейді. Оған себеп те жоқ емес. Бірінші кезекте ауыл тұрғындары жұмыспен қамтылып, шығарылған өнім өндіріске өз бағасымен жеткізіледі. Әзіргі есеппен субсидия алушылардың саны 10 есеге өседі. Егер жоспар іске асса, жыл сайын кооперациялардың арқасында қаладан ауылға 400 млрд теңге қаржы құйылуы тиіс. Бұл шаруалар мен қала тұрғындарына да тиімді болатыны сөзсіз.

Хабар 24 телеарнасы