387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыны қардан тазарту жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр

  • 914

Алматыда жауған қалың қарды тазарту жұмыстары күндіз-түні үздіксіз жүріп жатыр.

Бұл туралы бүгін үкімет отырысында қала әкімі Бауыржан Байбек мәлімдеді. Айтуынша, соңғы 4 тәуліктен бері шаһардан 150 мың текше метр қар шығарылды. «Бұл - бұрынғы жылдармен салыстырғанда едәуір артық көрсеткіш», - дейді әкім. Айта кетейік, қар күреу жұмыстарына қосымша 5 мыңға жуық адам жұмылды. Олардың қатарында қарапайым қала тұрғындары мен кәсіпкерлер де бар. Бауыржан Байбектің сөзіне сенсек, шаһардағы жағдайды қалпына келтіру үшін бюджеттен осы аптада 400 миллион теңге бөлінеді. Сол арқылы қызметкерлердің жалақысы көтеріліп, қосымша күш салынбақ.

Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:

- Осы аптаның соңына дейін 250 мың текше метр қар шығаруды жоспарлап отырмыз. Жергілікті бюджеттен бұл жұмысқа 400 миллион теңге бөлінеді. Қазір жұмысшылардың жалақысын 20 пайызға өсірдік. Қосымша адам алдық. Кейін оларды қаланың тазалық жұмыстарына жұмылдырамыз. Осыған орай Алматының тұрғындары мен кәсіпкерлеріне қосымша көмек көрсеткендері үшін алғыс білдіремін.

Хабар 24 телеарнасы