389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Депутаттар Үкімет ұсынған 7 заң жобасын қарауға кірісті

  • 1087

Дәл қазір Парламент Мәжілісінің депутаттары тағы бір маңызды отырысқа қатысып, Үкімет ұсынған заң жобаларын қарауға кірісті.

Яғни Төменгі палата өкілдері 7 бірдей құжатты егжей-тегжейлі електен өткізіп жатыр. Естеріңізде болса, Мәжіліс депутаттары әлгінде ғана Парламенттің бірлескен отырысынан шыққан еді. Енді олар Үкімет ұсынған жаңа құжаттарды талқылауға кірісті. Жиынның басталғанына аз ғана уақыт болғанымен, депутаттар 3 бірдей мәселені қозғап үлгерді. Олардың ішінде бұған дейін Мәжілісте және Сенатта қаралған заң жобалары бар. Бұл заң жобаларына өткенде ғана Сенат бірқатар түзету енгізген еді. Мәселен, 2017-2019 жылға арналған республикалық бюджет жобасына 30-ға тарта түзету енгізген еді. Бұл өзгерістерді Төменгі Палата депутаттары қайта қарап, өз ұсыныстарын беруде. Айта кету керек, 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджеттің заң жобасына сәйкес Алматы қаласының бюджеттік алып-қоюлары 2 млн теңгеге жуық азайтылатын болды.Одан бөлек республикалық бюджеттің шығыс бөлігіндегі 26 млн теңгені қайта бөлу ұсынылды. Осы сияқты өзгерістерді халық қалаулылары талқылап жатыр. Мәжілістің жалпы отырысында 2 негізгі мәселе қаралайын деп отыр. Олардың екеуі де еліміздің ұлттық қауіпсіздік саласына қатысты. Депутаттар ҚР ҰҚК ұсынған заң жобасын қарап жатыр. Баяндамашының сөзіне сенсек, ол заң жобасы еліміздің ұлттық қауіпсіздік саласын жан-жақты бекемдеуге бағытатталған. 

Хабар 24 телеарнасы