386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Депутат Елбасы есімін елорданың және еліміздің басқа да маңызды нысандарында көрсетуді ұсынды

  • 805

Мәжіліс пен Сенат депутаттары Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған декларация қабылдады. Тарихи тағлымы мол құжат Парламент палатасының бірлескен отырысында мақұлданды. Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин егемендігіміз еңсесін тіктегелі қол жеткізген жетістіктердің барлығы еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі екенін жеткізді. Бұл ретте сүттей ұйып отырған ұлт пен ұлыс Қазақстан Президентіне қашанда қолдау көрсетеді.

Сол себепті Тәуелсіздік мерейтойы қарсаңында тарихи құжатты қайта пысықтаудың маңызы зор. Декларацияны Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов таныстырды. Оның айтуынша, құжатта 25 жылда бағындырған белестеріміз барынша сипатталған. Депутат сондай-ақ Астанада,Тәуелсіз Қазақстан монументі бой көтерілсін деген ұсынысын айтты.

Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Тәуелсіздіктің ұлы жолы мәңгі болуы тиіс. Жоғарыдағы жарияланғандарды ескере отырып, елордада «Тәуелсіз Қазақстан» монументін тұрғызу қажет. Ел Конституциясында тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың біздің мемлекетімізді құрудағы бірегей еңбегін атап көрсетілген. Елбасының есімін елорданың және еліміздің басқа да маңызды нысандарында көрсетуді ұсынамыз.

Хабар 24 телеарнасы