383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайда шекарааралық ынтымақтастық форумы өтті

  • 532

Қазақстан мен Ресей жастары өзара ынтымақтастықты дамытып, этносаралық келісімді нығайту жолдарын талқылады.

Қостанайда өткен «Бірлік Единство.kz» шекарааралық форумына қос елден түрлі ұлт өкілдері қатысты. Этномәдени бірлестіктер арасында мұндай тәжірибе алмасу бес жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Кезекті жиында Челябі облысынан бес ұлттық-мәдени орталық өкілдері бас қосты. Олар рухани, тарихи құндылықтарын насихаттап, жұртшылық назарына қолөнер туындыларының көрмесін ұсынды. Сондай-ақ ұлтаралық қатынастар шеңберіндегі әлеуметтік жобаларын ортаға салды.

Юлия Лапидус, Челябі облыстық достық үйінің директоры /РФ/:

- Мұндай форумдар жастардың дамуына жақсы ықпал етеді. Әр халықтың мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарауға тәрбиелейді. Қостанайда екінші жыл қатарынан өтіп отыр мұндай басқосу. Этносаралық ынтымақтастықтың қазақстандық үлгісінен үйренеріміз көп. Сондықтан келесі форум биылғыдан да ауқымды болады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы