383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Брекзит Ұлыбританияның алдағы жылдардағы экономикасына кері әсер етеді

  • 685

Брекзит Ұлыбританияның алдағы жылдардағы экономикасына кері әсер етеді.

2017 жылдан бастап Корольдіктің ішкі жалпы өнімі азайып, сырттан алатын қарызы артуы және қазынадағы қаржы тапшылықтары сезілуі мүмкін. Бұл туралы елдің Қыржы министрі Филип Хэммонд мәлімдеді. Олар келтірген деректерге сүйенсек, биыл Ұлыбританияның ішкі жалпы өнімі наурыз айында жоспарланған 2 пайыздан жоғары көрсеткішке жеткен. Дегенмен мамандар бұл 2017 жылы 1,4 пайызға төмендеуі мүмкін деген болжам айтып отыр. Оған қоса алдағы бес жыл ішінде Корольдіктің сырт елдерден алатын қарызы 122 миллиард фунд стерлингке артады. Дегенмен министрлік басшысы 2021 жылы ел экономикасының өсімі қалыпты жолға түседі деп болжады. Ал оған дейін үкімет табысы азайғанымен, мемлекеттік қызмет пен қорғаныс және халықаралық көмектер, зейнетақы түрлері қысқармайтынын мәлімдеді.

Грег Кларк, Ұлыбританияның энергетика және өнеркәсіптік стратегиялар министрі:

- Экономика бір сәтте құлдырап кетпейді. Бірақ уақыт өте әлсірейді, өсімін тоқтатады. Біз үшін брекзит дұрыс таңдау. Оның негізгі мақсаты айқын. Сондықтан Ұлыбритания экономикасының қарыштап дамуы тежелгенімен, құлдырап кетпейтінін Қаржы министрі түсіндіріп берді.

Хабар 24 телеарнасы