388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өзбекстанда мерзімінен бұрын дауыс беру басталды

  • 860

Өзбекстанда президенттік сайлауда мерзімінен бұрын дауыс беру басталды.

Негізгі сайлау алдағы желтоқсан айының 4-іне белгіленген. Бірақ жергілікті заңға сәйкес сайлауға 10 күн қалғанда адамдар мерзімінен бұрын дауыс бере алады. Ал додаға 4 үміткер түсіп отыр. Оның ішінде президенттің міндетін атқарушы, премьер-министр Шавкат Мирзиёев бар. Одан кейін «Ұлттық жаңғыру» партиясының атынан Сарвар Отамуродов, Социал-демократиялық «Әділет» партиясынан Наримон Умаров және Халықтық-демократиялық партиядан Хотамжон Кетмонов түседі. Елде 9 мыңнан астам сайлау бөлімшесі ашылған.

Хабар 24 телеарнасы