376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандықтар MMA әлем чемпионатының күміс медалін иеленді

  • 797
Қазақстандықтар MMA әлем чемпионатының күміс медалін иеленді Қазақстан ММА федерациясының ВКонтактедегі парақшасы

Аралас жекпе-жектен өткен әлем чемпионатында 77 келілік жартылай орташа салмақта рингке шыққан қазақстандық Гойти Дазаев ресейлік Алибег Расуловтан ұпай жөнінен жеңіліп қалып, күміс медальді қанағат тұтты.

Ал ауыр салмақ дәрежесінде алғаш рет шайқасқан Әлімжан Сүлейманов ресейлік Амирхан Исагаджиевтен жеңіліп қалып, екінші орынға тұрақтады.

Айта кету керек, осы сайыста қола медальмен қанжыға майлаған Мират Бекішев (61,2 кг), Алтынбек Бақтыгелдинов (70,3 кг), Мурад Абдурахманов (84 кг) пен Еркінбек Інжелті (93 кг) қосқанда, қазақстандықтар жалпы командалық есепте 2-орынды иеленді, деп хабарлайды Қазақстан ММА федерациясы. 

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы