389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Филиппинде АҚШ елшілігінің жанында бомба залалсыздандырылды

  • 577

Филиппин астанасы Манилада қолдан жасалған бомба залалсыздандырылды.

Көше тазалаушылар оны АҚШ елшігінің жанындағы қоқыс жәшігіне жақын жерден тауып алған. Дипломатиялық мекеменің қызметкерлері шұғыл көшіріліп, көше қоршалды. Оқиға орнына арнайы мамандар келіп, жарылғыш затты алыстан басқару арқылы жарған. Билік жарылғыш затты елдің оңтүстігінде әрекет ететін лаңкестік топ мүшелері тастаған болуы мүмкін деп топшылайды. Полицияның мәлімдеуінше бомба Давао қаласында қыркүйекте іске қосылған жарылғыш затқа ұқсайды. Ол кездегі лаңкестік әрекеттен 15 адам ажал құшқан еді.

Хабар 24 телеарнасы