386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Универсиададағы еріктілердің еңбегі ескерусіз қалмайды

  • 503

Алматыда 2017 жылы өтетін 28-ші Қысқы Универсиада ойындары жақындаған сайын ұйымдастыру алқасының жұмысы қыза түсті.

Екі айдан кейін әлем көз тігетін дүбірлі жарысты ұйымдастыру жұмыстарына түрлі маман өкілдері тартылған. Бүгінде Универсиаданың Дайындалу және өткізу жөніндегі дирекциясында 217 маман жұмыс жасауда. Көзге көріне бермейтін ұсақ-түйек қағаз толтырудан бастап алдын ала қонақтарды қарсы алу, жайғастыру кестесін дайындау, спортшылар мен басқа да мәртебелі қонақтарды тасымалдау, тамақтандыру мәселесін ұйымдастыру, шақыру билеттерін жіберу сияқты жұмыстар осыдан бірнеше ай бұрын басталып кеткен.

Рауан Оқас, Универсиада дирекциясының мүшесі:

- Күнде әйтеуір бір шаралар өтіп жатады. Барлығын үлгеру керек. Біз қазір күні-түні жұмыс істеп жатырмыз. Тіпті бізде демалыс деген жоқ. Былайша атқанда, Универсиада біз үшін басталып кетті.

Дирекция мүшелерінің көпшілігі – жастар. Тәжірибелі мамандар да баршылық.

Дидар Сағадиев, Универсиада дирекциясы директорының орынбасары:

- 2008 жылдан бастап жаңағы Алматы қаласында тұңғыш рет Пекин алауы эстафатесы өтті. Сол алаудан бастап Азиада алауында жұмыс атқарған және де Қазан қаласындағы эстафета алауында консультант болған мамандар да жұмылдырылды бұл Универсиада ойындарына.

Универсиада дирекциясының басшысы Наил Нұровтың айтуынша, еріктілердің де еңбегі ескерусіз қалмайды. Қазір олардың қатары 14 мыңға жетіпті. Енді іріктеу жұмыстары жүргізіліп, 3 мың ерікті таңдалып алынады.

Авторлары: Жандос Айтбайұлы, Кенже Амраев

Хабар 24 телеарнасы