389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында газ баллоны жарылып, 3 адам көз жұмды

  • 651
Павлодар облысында газ баллоны жарылып, 3 адам көз жұмды Фото: Status Quo

Павлодар облысы Шарбақты ауданында жекеменшік үйде газ баллоны жарылып, соңы өртке ұласты.

Салдарынан үш адам көз жұмды.

Қайғылы оқиға аудан орталығы Шарбақты ауылында болды. Жер үй өртеніп, салдарынан 39 және 37 жастағы ерлі-зайыптылар денелерінің 90%-ын күйік шалды. Бүгін түнде отағасы Сергей Сенник аудандық орталық ауруханасының жансақтау бөлімінде жан тапсырды. Сонымен қатар өрт кезінде 1,5 жасар қыз бала мен 10 жастағы ұл бала көз жұмды. Бүгін жерлестері өрт құрбандарын ақтық сапарға шығарып салды. Жерлеу рәсімін жергілікті әкімдік өз мойнына алыпты.

Шарбақты аудандық әкімдігі мамандарының хабарлауынша, кешеден бері қайырымды жандар Сергей Сенник пен екі баланың туыстарына жылу жинауда. Бүгінгі күнге дейін жерлестерінің көмегімен Сергейдің қызына 137 мың теңге берілді. Сонымен қатар «Шығыс жолдары» ЖШС өртте көз жұмған бүлдіршіннің анасына 95 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетті.

Айта кетейік, 10 жастағы Никита отбасындағы екінші бала. Ал жанұяның тұңғышы қазіргі таңда Павлодардағы медициналық колледжде білім алуда. Ал 1,5 жасар сәби Ева Кургузкина көршінің қызы. Қыз баланың анасы жұмысқа кеткенде көршілеріне уақытша қалдырып отырған. Бүлдіршін қызыл жалын шарпыған үйде газ жарылып, өрт кезінде кездейсоқ болған.

Авторы: Ақмарал Есімханова

Хабар 24 телеарнасы