388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Қазақфильм» киностудиясы Ә.Кекілбаевтың «Шыңырау» повесі желісі бойынша толықметражды фильм түсіруді қолға алды

  • 2927
«Қазақфильм» киностудиясы Ә.Кекілбаевтың «Шыңырау» повесі желісі бойынша толықметражды фильм түсіруді қолға алды

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы Әбіш Кекілбаевтың «Шыңырау» повесі желісі бойынша толықметрлі көркем фильм түсіруді қолға алды.

Фильмнің дайындық жұмыстары басталып кетті. Қазір түсірілім тобы жасақталып, актерлерді іріктеу жұмыстары жүріп жатыр. Фильмнің сценарий авторы әрі режиссері – Жаңабек Жетіруов.

Түсірілімнің барлығы дерлік Маңғыстау облысында өтетін болады. Фильмде Қарақия ойысы, Үстірт шоқысы және Каспий теңізі көрініс табады. Жуық арада режиссер өтпелі көріністерді түсіру үшін Ақтауға жол жүргелі отыр.

Жаңабек Жетіруов – көптеген деректі фильмнің және «Дүниежарық», «Аққыз» атты көркем суретті фильмдердің авторы. Сондай-ақ Жаңабек Жетіруов жазушы Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Самғау» деректі фильм түсірген. Фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жасалған. 

Хабар 24 телеарнасы