376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында инвесторлар жаңа жобаларын жүзеге асырмақ

  • 966

Атырау облысында қамыстан биоотын өндірілуі мүмкін.

Оның көмегімен аймақта көмірге деген тәуелділік азайып, тұрғындар табиғи таза отын тұтына алады. Жобаның жай-жапсары бүгін Астанада өткен еліміздің жаңа инвестициялық мүмкіндіктеріне арналған халықаралық конференцияда айтылды. Бұдан бөлек, арнайы экономикалық аймақтардың әлеуеті таныстырылып, олардың қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілгені мәлім болды. Сондай-ақ, қатысушылар елдегі инфляция деңгейінің шарықтау шегіне жетіп, қаржы құюға қолайлы ахуал қалыптасқанын айтты. Тіпті Еуропалық қайта құру және даму банкінің өкілі Джанет Хэкман келер жылы Қазақстанның жалпы ішкі өнімі едәуір артады деп сендірді. 

Алма Қуанышбаева, жоба жетекшісі:

- Патентіміз бар. Көптеген құжаттарымыз дайын. Егер біз 120 мың тонна жылына шығаратын болсақ осы түйіршікті, жұмыс орны 80-нен 120-ге дейін артады. Тасымалдау жолын да айтып кетуге болады. Теміржол станциясы 12 км және порт арқылы.

Конференция барысында жергілікті билікпен бірлесіп өндірістік жобаларын іске қосқан инвесторлар марапатқа ие болды. Ал ел үкіметі оларға одан әрі де жаңа бизнес жоспарларын жүзеге асыруды ұсынды.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

- Бүгін біз бірқатар шетелдік компаниямен келіссөз жүргіздік. Олар Қазақстанда жаңа жобаларды қолға алуға ниетті. Сондықтан инвесторлар үшін заңнамалық актілерімізді өзгертіп, әлемдегі 55 мемлекеттің іскерлік топ өкілдері үшін визасыз режим мерзімін 30 күнге ұзарттық.

Хуан Хуаникотена, инвестор:

- Біз Маңғыстау облысындағы мұнай компанияларына құбыр кескіш қондырғыларды шығарамыз. Өндірісімізді жақын арада кеңейтеміз. Сөйтіп, қосымша 90 адамды жұмыспен қамтитын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы