387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда Тұңғыш Президент сайлауына арналған ескерткіш тақта ашылды

  • 1133

Алматыдағы Республика сарайының қабырғасына ел тарихындағы ең маңызды оқиға – 1991 жылдың 10 желтоқсанында алғаш рет еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халық алдында ант бергеніне орай ескерткіш тақта қойылды.

Бүгінгі айтулы мерекеге арналған шарада алғашқы Президент сайлауына қатысқан ақсақалдар мен жастар өз тілектерін білдірді. Мырзатай Жолдасбековтың айтуынша, хандар салтына сәйкес Елбасын да ақ киізге көтеріп сайлаған. Сонымен қатар мерекелік жиында қала басшысы Бауыржан Байбек Алматыда атауы өзгеретін көшелер туралы айтты. Яғни қаладағы 7 көшеге Роза Бағланова, Әзірбайжан Мәмбетов, Шафик Чокин, Василий Бенберин, Байкен Әшімов, Тоқмұхамед Садықов және Ербол Сыпатаевтың есімдері берілді.

Мырзатай Жолдасбеков, Мемлекет және қоғам қайраткері:

- Тәжірибе болған жоқ. Бүкіл әлемнің тәжірибесін жинадық. Сол қазақтың да тәжірибесін қосып, ырым қылып, ақ киізге конкурс жарияладым. Сөйтіп Жамбыл облысынан қылшықсыз ақ киіз келіп, сол ақ киізді төсеп, оның үстіне мінбені қойып, Елбасы соның үстіне тұрып, көзіне жас алып тұрып, халыққа ант берді.

Хабар 24 телеарнасы