389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайда қымбат көліктерге қосымша салық енгізілді

  • 652

Қытай үкіметі қымбат көліктерге қосымша салық енгізді.

Бұдан былай әрбір азамат темір тұлпардың сатып алынған бағасының 10 пайызын бюджетке аударады. Бұл алым құны 190 мың АҚШ долларынан кем емес көліктерге салынады. Осы елдің қаржы министрлігінің өкілдері түсіндіргендей, бұл шара бай-бақуатты тұрғындардың ысырапшылдығын түбірімен жоюға және ауаға бөлінетін зиянды қалдықтар көлемін қысқартуға бағытталған. Жаңа салық салынатын темір тұлпарлар қатарында БМВ, Мерседес-Бенц пен Аудидің қымбат модельдері, сондай-ақ Феррари, Астон Мартин, Роллс-Ройс бар. Бірақ көлік өндірушілер бұл салық темір тұлпарға қатты құмартқан қалталылардың ниетіне еш кедергі келтіре алмайды деп есептейді.

Хабар 24 телеарнасы