384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жансая Әбдімәлік Польшада шахматтан өткен турнирде жеңіске жетті

  • 789
Жансая Әбдімәлік Польшада шахматтан өткен турнирде жеңіске жетті Today.kz

Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік Польшада әйелдер арасында өткен халықаралық шахмат турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Әбдімәлік шахмат академиясының баспасөз қызметі.

Ворцлав қаласында әйелдер арасында өткен турнирге Польшаның шахматшы қыздарымен қатар осыған дейін Бакуде жүлделі орын алған еуропалық гроссмейстерлер де қатысты.

Турнирде Жансая қарсыластармен 4 рет тең тарқасып, 5 рет жеңіске жетті. Осының арқасында 7 ұпай жинаған отандасымыз турнирде барлығынан озып, бірінші орын алды, деп жазды Vesti.kz.

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы