386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубы ашылды

  • 846

Орал қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубы ашылды.

Енді мүгедектер арнайы залда білікті бапкерлердің жетекшілігімен грек-рим күресі, дзюдо және таэквондомен кәсіби түрде айналыса алады. Келешекте баскетбол мен армрестлингтен де жаттығулар өткізу жоспарда бар. Ал жалпы алғанда өңірде барлығы 150-дей адам параолимпиялық және сурдоолимпиялық спортпен шұғылданады. Олар шахмат, дойбы, үстел теннисі, волейбол, ауыр атлетика, жүзу секілді спорт түрлерінен республикалық және халықаралық жарыстарда облыс намысын абыроймен қорғап жүр.

Дәурен Қабдолов, спорт клубтың әдіскері:

- Жалпы спортклубтың мақсаты - сурдоолимпиада және параолимпиада спорт түрлерін дамыту және спортшылырды кәсіби тұрғыда жаттықтыру. Ашылғанымызға аз ғана уақыт болса да, дзюдодан ҚР-нің чемпионаты өтті Қызылорда да, 3 спортшымыз қатысып, үшеуіде жүлделі, нәтижелі орындарға ие болды.

Самат Бимұратов, спортшы:

- Өте жақсы барып келдік, өте қуаныштымын, әлі дайындаламыз. Бірінші орынға тек ұмтыламыз, әр спортшының бас арманы - олимпиада семпионы болу, олимпиаданың шынын бағындыру.

Хабар 24 телеарнасы