389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Роналду мен Моуринью салықтан жалтарғандарын мойындаған жоқ

  • 728
Роналду мен Моуринью салықтан жалтарғандарын мойындаған жоқ СПОРТ bigmir)net

Еуропалық журналистер тобы Криштиану Роналду, Месут Озил, Жозе Моуринью мен Радамель Фалькаоның нақты табыстарын жасырғаны туралы ақпарат жариялады.

Football Leaks нұсқасы бойынша, олар тапқан пайда Виргин аралдарындағы офшорға түсіп отырған. «Жеті айлық тыңғылықты тексерістен соң біз, Der Spiegel мен EIC, Sunday Times және Expresso-мен (Португалия) біріге отырып материалдарды жариялай бастадық. Қызық болады. Демалыстарыңыз сәтті өтсін», - деп жазады басылым.

Ал португалиялық футболшының агенті мен танымал бапкер мұны алаяқтыққа теңеп, заңбұзушылыққа бой алдырмағандарын айтады.

Хабар 24 телеарнасы