386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО Абай ауданындағы музыка мектебі жаңа ғимаратқа көшті

  • 884

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданындағы Жәнібек Кәрменов атындағы музыка мектебі 45 жылдық мерейтойын жаңа ғимаратта атап өтетін болды.

Нысанды күрделі жөндеуден өткізу үшін аудандық бюджеттен 54 миллион теңге бөлінген. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында мектеп ұжымы осындай қуанышқа бөленіп отыр. Өнер ордасында 500-дей өрен 12 бағыт бойынша арнайы білім алады. Олардың ішінде облыстық, республикалық, тіпті халықаралық байқауларда топ жарғандар жетерлік. Мектепте домбыра, қобыз, фортепиано, шертер, скрипка, дәстүрлі ән және вокал бойынша білікті мамандар дәріс беріп жүр.

Дарина Жұмаханова, Музыка мектебінің 5-сынып оқушысы:

- Бұл мектептің өзгешелігі, іші жарық және кабинеттері үлкен, акт залы үлкен, би залы үлкен. Мен облыстық Махамбет Өтемісұлы атындағы жарыстан 1-ші орын алып, республикалық конкурсқа жолдама алдым. Сол конкурсқа дайындалу үстіндемін.

Зағипа Әзімбаева, музыка мектебінің директоры:

- Өнер адамдарына әрбір ғимараттың дыбысталуы адамға жақсы әсер беруі керек қой. Бұл өте жақсы мұнда, акустикасы жақсы, биік. Бар жағынан бізге мүмкіндік бар. Бүлдіршін балалардан үлкен қарияға дейін бәрі өнер десе ішкен астарын жерге қойып, талантты балалар көп бізден шыққан, солармен мұғалімдеріміз жұмыс жасап жатыр, алдағы уақытта да жұмыс жасай береді деген сенімдеміз.

Хабар 24 телеарнасы