383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таразда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

  • 635

Таразда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Орталық Достық алаңына бес ауданның тауар өндірушілері өз өнімдерін шығарды.

Тұрғындарға 52 миллион теңгенің 140 тоннаға жуық өнімдері ұсынылды. Барлығы базар бағасынан 15-20 пайызға төмен сатылды. Мұндай жәрмеңкелер жергілікті шаруаларға өз тауарларын делдалсыз сатуға мүмкіндік береді. Айта кету керек, Жамбыл облысында жыл басынан бері осындай жәрмеңке 172 рет өткен.

Қайрат Аманов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- Жалпы бағаларды алдын ала жасалған талдауға сәйкес бүгінгі сатылып отырған бағалар нарық бағасынан төмен сатылу жөнінде ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары мен ауданнан келген әкімдік мамандарымен бұл қадағаланып көтерілмеуі назарда. Бұл енді жыл соңына дейін жалғасатын болады. Әр аптаның сенбісінде осындай жәрмеңке болып тұрады. 

Хабар 24 телеарнасы