383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада қайырымдылыққа құрылған жәрмеңке өтті

  • 1063

Астанада ерекше қайырымдылық шарасы өтті.

Ерекше болатыны, бұл жолы ізгі ниетті қолдаушылар дипломатиялық қызмет өкілдері еді. Қазақстанда жұмыс істейтін елшіліктер жәрмеңке ұйымдастырып, сауданы да қызметкерлердің өздері жүргізді. Түскен қаржы белгілі тізім бойынша көмекке зәру науқас балалар мен жетімдерге бөлінеді. Әрбір елшілік өз мемлекетінен тауар алдырып, арзан бағада саудалады.

Тұтынушыларда толас жоқ. Оған келгендердің саны бес мыңнан асады. Тек қана сауда-саттық емес, өзге де бағдарламалар ұйымдастырылды. Мысалы, қызықты лотерея ойнатылды. Бәйгені елшілер тігіп, Македония мен Италияға саяхат туры ойнатылды. Тұрмыстық техникаларды да ұтып алуға мүмкіндік бар. Ұлттық нақыштағы бұйым көрмесі де халық назарына ұсынылды.

Герхард Сайллер, Австрия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі:

- Қазақша үйреніп жатырмын. Жақсылық жасауды жақсы көретін, мейірімді халық қой. Мынау шараға да атсалысып жатқандар көп. Желтоқсанның алғашқы жексенбесінде жәрмеңке ашып, елшілік қызметкерлері жұртшылыққа әртүрлі тауар ұсынды. Сатылымнан түскен қаржыны науқас және мұқтаж балалардың қажетіне жұмсаймыз. Елуден аса елшілік бастаманы қолдады. Бірнеше миллион теңге түсуі тиіс.

Әсел Құрманғалиева, маркетолог маман:

- Көптеген халықтардың қарым-қатынасын нығайтады. Біздің Қазақстанға тигізер пайдасы өте зор. Сонымен қатар Қазақстанның атынан, Астананың атынан біз Қазақ қыздары институты мәдени инабаттылық орталығы болып келіп отырмыз. Біздің келу себебіміз қыздарымыз жасаған дүниелерін басқа мемлекеттер көрсін деген ниетпен, өздерімен алып кетіп, сол жақта да біздің өнерімізді байқасын деген ниетпен қатысып, әкеліп отырған болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы