386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда қала құрылысшыларының XIV форумы өтті

  • 588

Алматыдағы Орталық, Бірінші Президент және тағы бірнеше ірі саябақ қайта жаңғыртылады.

Бұл туралы Алматыда өткен «Қазақстан-2016» қала құрылысшыларының 14-форумында» айтылды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған жиында заманауи қалалардың көрмесі ұйымдастырылды. Оған қатысушылар елордасы Астананың құрылыс тәжірибесін ерекше атап өтті. Өйткені Сарыарқа төсінде бой көтерген Астананы салу барысында әлемдік сәулет өнеріндегі батыл шешімдер қолданылды. Ал еліміз тәуелсіздік алғалы бері Алматының аумағы екі есеге ұлғайған. Қазақстан Қала құрылысшылары одағы президентінің айтуынша, Үлкен Алматы айналмалы автомобиль жолының бойында болашақта логистикалық орталықтар салу жоспарлануда. Бұл қаламен бірге ел экономикасының дамуына да септігін тигізбек. Форум қонақтары Астана, Алматы және Шымкентте қабылданған Smart City тұжырымдамасына да жоғары баға берді.   

Любовь Нысанбаева, ҚР қала құрылысшылары одағының президенті:

- Қазір қала құрылысындағы қағидалар өзгеріп келеді. Біз сол жаңалықтарға бейімделуіміз тиіс. Кез келген шаһардың бас жоспарын бекітпей тұрып тұрғындарға қаншалықты қолайлы болатынын ескеруіміз керек.

Хабар 24 телеарнасы