384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Хабар 24» арнасы «Менің 25 жетістігім» эстафетасын жалғастыруда

  • 622
«Хабар 24» арнасы «Менің 25 жетістігім» эстафетасын жалғастыруда

«Хабар 24» арнасы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Менің 25 жетістігім» эстафетасын жалғастырып жатыр.

Тәуелсіздік  бұл барша қазақстандықтың ортақ жетістігі. Әрбір азамат, әрбір отбасы біздің кең байтақ еліміздің дамуына орасан зор үлес қосты. Бұл туралы Елбасы өз сөзінде жиі айтады. Біздің ата-балаларымыз, әжелеріміз бен аталарымыз, әрбір дәрігер, мұғалім, кенші, құрылысшы  мыңдаған адамның арқасында еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізіп, әлем Қазақстанды таныды.

«Болашағымыз бірлікте» жалпыұлттық идеясын қолдай отыра «Хабар 24» арнасы еліміздің басты мерекесінің қарсаңында «Менің 25 жетістігім» эстафетасын жариялайды. Оған кез келген қазақстандық қатыса алады.

Эстафета шарттары бойынша, қатысушы өзінің немесе жанұясының 25 жетістігі туралы баяндап, әлеуметтік желіде #менің25жетістігім хэштегімен жариялау керек. Жазбаларыңызда достарыңызды белгілеуге ұмытып кетпеңіздер.

Бізге жетістіктердің ауқымдылығы емес, оған адал еңбегіңізбен қол жеткізілгені маңызды. Эстафета 25 қарашадан 16 желтоқсанға дейін жалғасады. 17-cі күні телеарна редакциясы үздік оқиғалар авторларын анықтап, оларға естелік сыйлықтарын табыстайды.

Хабар 24 телеарнасы