386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында үздік білім беру мекемелері марапатталды

  • 789

Ертіс өңірінің білім беру жүйесі еліміз Тәуелсіздік алған 25 жылда жемісті еңбек етіп, үздіктер қатарынан көрінген оқу ордаларын анықтады.

Олар 25 аталым бойынша марапатталды. Ширек ғасырда облыстың білім саласының бағындырған белесі аз емес. Аймақта 3 ауысымды мектеп жоқ. 3 пен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндер балабақшамен 100% қамтылған. Халықаралық жарыстарда 100-ден астам медальді олжалаған олимпиадалық топ еліміз бойынша ең мықты команда атағына ие. Ал, Ұлттық бірыңғай тестілеуде Павлодар облысы аймақтар арасында бірінші орынға шықты. Жиырма бес жылда 49 мектеп салынып, балабақшалар саны 2,5 есеге өсіпті. 100 мектеп үш тілде сабақ берсе, жұмысшы мамандығына оқытатын 45 колледж тегін білім беруге көшкен. Соңғы 5 жылда мамандандырылған «Жас дарын» мектебінің 37 түлегі «Алтын белгі» алған.

Сәуле Төлегенова, «Жас дарын» мамандандырылған мектеп директоры:

- Дәл осы күндері ол есеп сияқты ғой. Мен кемел сенемін қазіргі мұғалімдерге. Еңбегі жанатындай жолда жүрген азаматтарға мен өзімнің рақметімді айтамын. Өйткені олар өзінің таңдаған мамандығы бойынша сенімді, ешқашан да артқа қарамай, тек қана алға жүретін, сондай ұстаздар біздің Павлодар облысында бар деп есептеймін.

Хабар 24 телеарнасы