387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Израиль Премьер-министрі ресми сапармен Қазақстанға келеді

  • 607

Осы аптада елімізге ресми сапармен Израильдің Үкімет басшысы келеді.

Осылайша Биньямин Нетаньяху соңғы 25 жылда Орталық Азияға келетін бірінші Премьер-министр болмақ. Сапар барысында мәртебелі мейман Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен, сондай-ақ Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев және ҚР Үкіметінің басшысы Бақытжан Сағынтаевпен кездеседі. Тараптар ауыл шаруашылығы, экономика, азаматтық авиация салаларында бірқатар келісімге қол қояды деп жоспарланып отыр. Нәтижесінде Астанадан Тель-Авивке тікелей әуе қатынасы ашылуы мүмкін.

Михаэль Бродский, ҚР Израиль мемлекетінің төтенше және өкілетті елшісі:

- 25 жылда бір мыңнан астам қазақстандық дәрігер Израильде оқып шықты. Біздің мамандар да ұдайы Қазақстанға келіп, операция жасайды, тәжірибе алмасады, шеберлік сағаттарын өткізеді. Осылайша медицина саласында әріптестік орнаттық. Сондай-ақ Израиль ауыл шаруашылығы, энергетика, денсаулық сақтау, қауіпсіздік салаларында жаңа технологияларымен бөліседі. Ал бізге қазақтың қара алтыны қызық. Мұнайды біз сіздерден сатып аламыз.

Хабар 24 телеарнасы