384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АХҚО мен ҚҚҚ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

  • 581
АХҚО мен ҚҚҚ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Бүгін «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Басқарушысы Қайрат Келімбетов пен «Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы» (ҚҚҚ) кеңесінің төрағасы Мағжан Әуезов Астананың халықаралық қаржы орталығы ретіндегі дамуына және Қазақстан Республикасындағы қаржылық индустрияның және соған әсер ететін кәсіби қызметтердің қалыптасуына ықпалдасу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжат бойынша АХҚО мен ҚҚҚ қаржы орталығының дамуы үшін барлық стратегиялық бағыттар бойынша ықпалдасу, құнды қағаздар рыногінің жергілікті және халықаралық кәсіби қатысушыларына АХҚО-ның стратегиялық дамуы бойынша ойларымен бөлісуге ақпараттық қолдау көрсету секілді біріккен іс-шаралар көрсетілген.

Алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін тараптар сарапшылық пікірлерімен және тәжірибе алмасуға, оның ішінде сарапшылық қауымдастық өкілдерін және қаржы индустриясының өзге де салаларының өкілдерін тарту арқылы әртүрлі форумдар мен семинарлар, конференциялар өткізуге келісті.

Ақпарат көзі: АХҚО баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы