384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Абу-Дабиде Парламенттегі әйел спикерлер саммиті өтіп жатыр

  • 598

Абу-Дабиде 11-ші рет Парламенттегі әйел спикерлер саммиті өтіп жатыр. Шараға 50-ге жуық заң шығару органының басшылары, сондай-ақ ғалымдар мен саясаткерлер жиылды.

Бұл халықаралық жиынға елімізден Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің басшысы Дариға Назарбаева бастаған бір топ делегат қатысты.

Әлемдегі геосаяси тұрақсыздық, түрлі қақтығыстар мен экономикалық қиындықтар – бұл Абу-Дабидегі әйелдер Саммитінде талқыланған басты тақырыптар. Басқосуда сондай-ақ жаһандық қауіпсіздік мәселелеріне де баса назар аударылды.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті сенатының депутаты:

- Бүгінгі жиында баяндама жасаған спикерлердің барлығы жаһандық деңгейде ойлай білетін адамдар. Жалпы осы саммитте өзекті тақырыптар көтеріліп отыр. Егер дұрыс бағытта жұмыс істесек, әлемде бейбітшілік орнайды.

Саммитте әлеуметтік медиа саласы да назардан тыс қалған жоқ. Спикерлер әлеуметтік желілердің еш қадағалаусызз түрлі ақпарат таратуына алаңдаушылық білдірді. Бұл орайда жастармен жұмыс істеу мәселесі өте маңызды.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Бүгінде әлемде тиісті білім алмай, жұмыссыз жүрген адам саны екі миллиардтан асады. Олардың көпшілігі терроризм мен қылмысқа бейім тұрады. Ал біздің елде осындай мәселелердің алдын алу жағы Ұлт жоспары, және көптеген мемлекеттік бағдарламаларда қарастырылған. Қазақстан бұл тұрғыда әлемдегі көшбасшылар қатарында.

2005 жылы Парламенттегі әйел спикерлер саны небәрі 19 ғана еді. Арада 11 жыл өткенде олардың қатары үш есеге артты. Әлемде жалпы 52 әйел Парламентті басқарып отыр. Саммит қатысушылары бұл тек үлкен істің батамасы ғана дегенді айтады.

Авторлары: Елдос Сапарғали, Әйгерім Ақсақалова

Хабар 24 телеарнасы