387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Келер жылы «Қашаған» кен орны $135 миллион табыс әкеледі

  • 1019

Келер жылы «Қашаған» кен орны ел бюджетіне 135 миллион доллар кіріс әкелуі тиіс.

Мұнай бағасы 50 доллардан төмендемесе, осындай көрсеткішке қол жеткізу көзделіп отыр. Энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев брифингте осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, келесі жылы мұнда шамамен 9 миллион тонна мұнай мен 5,6 миллиард текше метр газ өндіріледі. Әзірге бұл өнім толығымен экспортқа жіберіледі. Естеріңізге сала кетейік, «Қашаған» кен орны биыл қыркүйек айында іске қосылды.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Энергетика министрінің орынбасары:

- 14 қазан күні мұнайды экспортқа шығара бастадық. Қазір Қашағанда тәулігіне 120 мың баррель мұнай өндіріледі. Ал болашақта бұл көрсеткішті 180 мыңға дейін жеткізу жоспарда бар. Өткен бірнеше ай ішінде ғана біз 600 мың тоннадан астам мұнай және 400 миллион текше метрге жуық газ өндірдік

Хабар 24 телеарнасы