389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада «Әке жолы» спектаклінің тұсаукесері болды

  • 815
Астанада «Әке жолы» спектаклінің тұсаукесері болды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған қойылымда елордалық полиция қызметкерлері рөлдерді өздері сомдайды.

Астана қаласы ІІД бастығы полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіровтың сөзінше: «Осы қойылым барлық құқық қорғау органдары қызметкерлерінің батырлық, ерлік қарекеттерін, сонымен қатар Отан алдындағы және халыққа берген антының адалдығын көрсеткен туынды. Қойылым сюжетінде тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Қазақстан полициясының қалыптасуы, сондай-ақ ішкі істер органдарындағы әкенің ізін жалғаушы полиция қызметкерлерінің дәстүрлі үлгілері сөз болады».

Қойылымға ішкі істер органдары қызметкерлерінің батырлық әрекеттері негіз болған.

«Әке жолы» спектаклінің басты кейіпкерінің прототипі Ақмола облысы ІІБ Қылмыстық іздестіру бөлімінің жедел уәкілі, милиция кіші лейтенанты Жанайдар Жирентаев. Ол Тәуелсіз Қазақстан халқына батырлықтары үлгі болған қызметтік міндетін атқаруда қайтыс болған полиция қызметкерлерінің жинақталған образы.

Хабар 24 телеарнасы