376,09 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Грекияда зейнеткерлерге біржолғы жәрдемақы беретін болды

  • 776

Грекия парламенті тұрмысы төмен зейнеткерлерге біржолғы жәрдемақы төлеу жөнінде заң жобасын қабылдап, Рождество алдында таратып беретін болды.

195 депутат заңды қолдап дауыс беріп, 59-ы қалыс қалды. Бірақ Афина билігінің бастамасы несие бөліп отырған Еуротопқа ұнамай отыр. Халықаралық ұйымдар қаржылай көмекті уақытша тоқтататынын айтып, сес көрсетті. Мұндай көмек зейнеткерлерді де қуанта қойған жоқ. Сондықтан Грекия астанасында 5 мыңға жуық зейнеткер шеруге шықты. Өйткені олар зейнетақыны жыл сайын қысқартуға наразы. Ал, премьер-министр Алексис Ципрастың айтуынша, біржолғы жәрдемақы 1 жарым миллионнан астам зейнеткерге беріледі. Оған үкімет 617 миллион еуро бөлетін болды.

Хабар 24 телеарнасы