380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дроннан Қазақстан чемпионатына 50-ге жуық жас қатысты

  • 588

Ғылым дамыған сайын, түрлі технологиялық құрылғылар да пайда болып жатыр.

Қазір адам баласы түрлі робот техникаларын өмірге әкеліп, игілігін көре бастады. Тіпті қолдан басқарылатын дрон ұшу құралдарынан әлем чемпионаттары өтеді. Бұл дәстүр тұңғыш рет Қазақстанда да ұйымдастырылып, бүгін Астанадағы «Барыс Аренада» ел біріншілігінің тұсауы кесілді. Алғашқы Қазақстан чемпионатына еліміздің жеті аймағынан 50-ге жуық жас қатысып, нәтижесінде үздік шыққан төрт жеңімпаз финалдық кезеңге жолдама алды.

Ержан Тілеуберген, жарысқа қатысушы:

- Негізі бағытымыз дұрыс, келешекте дамиды деп ойлаймын. Келешекте шетелге де шығамыз ба деген ойымыз бар. Енді бүгінгі жарыстан кейін біз жақсы дайындаламыз деп үміттеміз.      

Ерлан Ыдырысов, «Қазақстан инжиниринг» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасы:

- Ертең осы жас жігіттер біздің зауыттарда осындай техниканы шығара білуі керек, үйренуі керек. Ертең ол техника әскерде де бар, осы техниканы білетін әскерге дайын жігіттер келу керек. Сондай үлкен мақсаттар. Сондықтан бұл чемпионаттың біздің егеменді елімізге бір үлкен үлесі болады деп ойлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы