387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық боксшы Б.Жүкембаев кәсіби рингтегі кезекті жеңісіне жетті

  • 718
Қазақстандық боксшы Б.Жүкембаев кәсіби рингтегі кезекті жеңісіне жетті Фото: Boxeatl.com

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев кәсіби рингтегі кезекті, яғни жетінші жеңісіне жетті.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлады. Жан Паскаль – Рикардо Рамальоның басты бокс кешінде шаршы алаңға шығып, мексикалық Хуан Мануэль Марешпен жұдырықтасқан 25 жастағы Жүкембаевты төрешілер бірауыздан жеңімпаз деп таныды.

Кездесу орта салмақ дәрежесінде Канаданың Квебек қаласында өтті. Айта кету керек, бұл жеңіс қазақстандық үшін алғашқы мерзімінен бұрын жеңбеген жеңісі болып саналады. 

Хабар 24 телеарнасы