386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Польша саясаткері: Қазақстан – Орталық Азиядағы даму мен тұрақтылық локомотиві

  • 859

Қазақстан - Орталық Азия аймағындағы көшбасшы ғана емес, сонымен бірге даму мен тұрақтылықтың локомотиві.

Польша саясаткерлерінің пікірі осындай. Сенат вице-спикері Адам Беляннің айтуынша, еліміз Тәуелсіздігінің 25 жылында алға қойған мақсаттарын толық іске асырып, толағай табыстарға қол жеткізе білді. Бүгінде Қазақстан – Польша үшін сенімді дос, одақтас және аймақтағы басты әріптес мемлекет. Қос ел екіжақты ынтымақтастықты одан ары тереңдете түспек.

Адам Белян, Польша сенатының вице-спикері:

- Польша мен Қазақстан арасында тығыз қарым-қатынас орнаған. Біріншіден, қазақ елінде поляктардың ірі диаспорасы бар. Екіншіден, бізді экономикалық байланыс біріктіреді. Қазақстан Орталық Азия аймағындағы көшбасшы ел. Польша, өз кезегінде, Шығыс Еуропа аймағында көшбасшы болуды көздейді. Сондықтан екі елдің алға қойған мақсаты, мұраты бір. Қазақстан халқын барша поляктардың, оның ішінде Польша Республикасы Сенатының атынан Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтаймын. Табысты қадамдарыңыз үшін қуаныштымыз! Болашақта экономика, мәдениет пен білім салаларында ірі жетістіктерге жетесіздер деп сенеміз.

Хабар 24 телеарнасы