386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлыбританияда жүздеген жазасын өтеуші түрмеде бүлік шығарды

  • 497

Ұлыбритаияның Бирмингем қаласындағы түрмеде 600-ге жуық жазасын өтеуші бүлік шығарды.

Олар жаттығу залы мен күзетшілердің керек-жарағы сақталған бөлмені басып алған. Бұдан кейін түрме ішіндегі кеңселерге лап қояды. Кейбірі өз ісіне қатысты қағаздарды өртеп жіберген. Бүлікке не себеп болғаны әзірге белгісіз. Бір нұсқа бойынша теледидар көруге және спортзалға кіре алмаған жазасын өтеушілер ерегіске барған. Тағы бір жорамал – жуынатын бөлмеде ыстық су болмай қалуы. Полиция түрмеде тек 12 сағаттан кейін тәртіп орнатты. Осы уақытта 3 жазасын өтеуші жараланған.

Айта кеткен жөн, жекеменшік компания басқаратын түрмеде 1450 адам отыр.

Хабар 24 телеарнасы