384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында «Тобыл сазы» ұлт-аспаптары оркестрі құрылды

  • 795

Қостанай облысында «Тобыл сазы» қазақ ұлт-аспаптары оркестрі құрылды.

Құрамында 30-ға тарта жоғары білімді маманы бар ұжым, Затоболь кентіндегі «Алтын дән» мәдениет үйі жанынан жасақталып отыр. Ауыл өнерпаздарынан құралған оркестр, еліміздің ең басты мейрамы қарсаңында тұсауын кесіп, ән мен күйден шашу шашты. Жаңа ұжымның музыкалық аспаптары мен ұлттық киімдер Қостанай ауданы есібінен алынған. Айта кету керек, «Тобыл сазы» - тәуелсіздік жылдары облыс аудандары арасында ашылған тұңғыш оркестр. Бүгінде өңірде ұлт өнері терең тамыр жайып келеді. Барлық ауданда ұлттық ансамбльдер құрылған.

Назымбек Молдахметов, облыстық қазақ ұлт аспаптары оркестрінің бас дирижері:

- 25 жыл бұрын ансамбль түгіл домбырада ойнайтын домбырашылар таба алмайтын едік осы аудандардан. Бүгінгі күні ансамбльдер оркестрге ұласып жатыр. Оркестрдің деңгейі өте жақсы. Әрине, көп көңіл репертуарға бөлу керек. Осында жергілікті композиторларымыз бар. Жергілікті күйшілеріміз бар. Сол кісілердің күйлерін дәріптеу керек оркестр болғаннан кейін.

Хабар 24 телеарнасы