387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайда су перілерінің мектебі ашылды

  • 1474

Қытайдың Гуанчжоу қаласында су перілерінің мектебі ашылды.

Өзгеше оқу орнына келушілер қатары күткендегіден көп болып шыққан. Оларды кәсіби сүңгуір су перісі сияқты жүзуге үйретеді. Қазір нұсқаушының жүзге жуық шәкірті бар. Бір қызығы, қыздардан басқа жігіттер де ниет білдірген. Үйрету курсы бар болғаны 3 күнге созылады, бағасы 4 мың юань, бұл шамамен 190 мың теңге.

Дада Ли, су перілерінің нұсқаушысы:

- Бала кезімнен су перісі болуды армандадым. Фридайвингпен шұғылдана бастағаннан-ақ су астында демімді ұзақ сақтап, жүзе аламын деген ойға келдім. Неге көрмеске?!

Хуан Сяо Ин, су перісі мектебінің оқушысы:

- Су жануарларымен бірге суда жүзіп жүргенімде жаным жай табады. Түрлі теңіз жәндіктерін көргенде, рахатқа бөленемін.

Хабар 24 телеарнасы