385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығы артып келеді

  • 762

Тәуелсіздік жылдары ауыл өмірі түбегейлі өзгерді.

Павлодар облысы Май ауданы осыдан біраз жыл бұрын экономикасы тұралап, болашағы бұлыңғыр аудан еді. Ал бүгінгі жағдай басқа. Ауданда облыстың жетекші мал шаруашылықтары шоғырланған. Тек биылдың өзінде халықтың кәсіпкерлік белсенділігі 20%-ға артты. Мемлекеттік бағдарламалардың арқасында ауыл тұрғындары бизнес бастамаларды қолға алып, халықтың құқықтық сауаттылығы артты.  

Ұлжан Рахымбергенова, Май аудандық сотының төрағасы:

- Ағымдағы жылы біз 30 азаматтық іске медиацияны қолдандық. Қаралған қылмыстық 32 істің 24-і медиациямен шешілді. Ауылда ымыраға келіп, істі тоқтататындар бар. Қазір ауыл тұрғындары заң жағынан өте сауатты.

Хабар 24 телеарнасы