384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Венесуэлада 500 боливарлық жаңа купюралар Каракасқа жеткізілді

  • 459

Венесуэлаға 500 боливарлық жаңа банкноттар жеткізілді.

Көп ұзамай-ақ олар айналымдағы басты ақша - 100 боливарды алмастырады. Ресми түрде 100 боливарлық 2017 жылдың 2 қаңтарынан бастап айналымнан алынады. Айта кетейік, ел президенті Николас Мадуро үкіметінің қаржы «мафиясымен» күресу мақсатында жасаған бұл қадамы ел арасында толқу туғызған еді. Осыдан кейін саудагерлер бірден 100-дік ақшаны алмай қойды. Жұрт қолында бар қаржыны жұмсай алмай дал болды. Тіпті Колумбиямен шекаралас Тачира штатында ашынған жұрт полицейлердің көзінше азық-түлік қоймасын тонап кеткен. Алайда Каракас қаласында президент бастамасын қолдағандар ереуілге шықты. Шерушілер алдында сөйлеген Николас Мадуро мұның барлығы елде экономикалық дағдарысқа әкелген қонтрабандалық топтармен күресу мақсатында жасалғанын айтты.

Хабар 24 телеарнасы