384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Берлин полициясы: Жүк көлігін тізгіндеген адам жұртты қасақана басып өткен

  • 621
Берлин полициясы: Жүк көлігін тізгіндеген адам жұртты қасақана басып өткен spreepicture/bild.de

Берлин полициясы рождестволық жәрмеңке кезінде Scania жүк көлігінің тізгінінде отырған адамның қыдырып жүрген жұртты қасақана басып өткенін твиттердегі ресми парақашасында мәлімдеді.

Сондай-ақ қырғын кезінде қаскүнеммен бірге кабинада отырған сол жүк көлігінің жүргізушісі болғандығы анықталды. Көлік тізгінін тартып алған күдікті поляк жүргізушісін қорқытып, кабинадан шығармай, қамап отырған. Бірақ, оқиға соңында ол көліктен тірі шыққан жоқ. Мәйітін полицейлер тауып алды.

Көліктің қаза тапқан жолаушысының сол көлік жүргізушісі болғанын оның  Польша жеріндегі жұмыс берушісі де растады.

Компания басшылығының мәлімдеуінше, ол оқиға болатын күні сағат 16:00-ден бастап, хабарласпай қалған.

Дайындаған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы