387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қашағанда жыл соңына дейін мұнай өндірісі 1 млн тоннаға жеткізілмек

  • 609

Қазақстандағы бензин бағасына Ресейдегі жер қойнауын игеру саласына енгізілген жаңа реформа әсер етті.

Бұл туралы бүгін журналистердің сұрағына жауап берген еліміздің Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді. Естеріңізде болса, қараша айынан бері АИ-92 маркалы жанар-жағармай бірнеше мәрте қымбаттады. Сала басшысы бұған «қазақстандық нарыққа қажетті бензиннің 30%-ы көрші мемлекеттен әкелінуі себеп», - дейді. Сондай-ақ, ол Қашағанның қазіргі жай-күйін айтып берді. Кен орны қайта іске қосылғалы бері 750 мың тонна мұнай өндірген. Енді оны алдағы 10 күнде 1 млн тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. 

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

- Ресей жер қойнауын игеру саласына жаңа салықтық реформа енгізді. Соның әсерінен экспорттық тауарлар қымбаттады. Бұл жағдайды ресейлік әріптесіммен талқылап жатырмыз. Қаңтар айында қалай жұмыс істейтініміз белгілі болады.

Хабар 24 телеарнасы