384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Хабар 24» арнасы «Менің 25 жетістігім» эстафетасын қорытындылады

  • 711
«Хабар 24» арнасы «Менің 25 жетістігім» эстафетасын қорытындылады

Достар!

Бүгін «Хабар 24» арнасы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырған «Менің 25 жетістігім» эстафетасын қорытындылайды.

29 қараша мен 19 желтоқсан аралығында өткен мерекелік эстафетамызға 200-ге жуық оқырман қатысып, өз жетістіктері туралы көпшілікпен бөлісті. Бұл біз ойлағаннан да үлкен көрсеткіш!

Қатысушыларымыздың әрқайсысының жетістіктері ауыз толтырып айтуға тұрарлық. Сіздерге осыдан да биік белестерді бағындырып, толағай табыстарға жетуге тілейміз. Әрбіріңіз біз үшін жеңімпазсыздар. Эстафетамызға қызығушылық танытып, белсенді қатысқандарыңыз үшін алғыс айтамыз!

Арна редакциясы сіздердің араларыңыздағы ең кішкентай қатысушымыз – 6 жасар Әлиханның жетістіктерін атап өтуді жөн көрді. Балақайға болаттай берік денсаулық, алға қойған мақсаттарына жете беруіне тілектеспіз. 

Алдағы уақытта да көптеген байқаулар ұйымдастырып, оқырмандарымызды қуантатын боламыз. Сондықтан біздің сайтты оқи жүріңіздер!

Хабар 24 телеарнасы