377,19 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәскеуде Сирия бойынша үшжақты келіссөз өтіп жатыр

  • 700

Мәскеуліктер де Түркиядағы қайғылы оқиғаға байланысты Сыртқы істер министрлігіне гүл шоқтарын әкеліп, көңіл білдіріп жатыр.

Анкарадағы Ресей елшісіне қарулы шабуыл екі ел арасындағы оңалып келе жатқан қарым-қатынасқа кері әсерін тигізе алмайды. Бұған Ресей, Иран және Түркия сыртқы істер министрлері мен қорғаныс басшыларының Сирияға қатысты үшжақты келіссөзінің басталуы дәлел. Сонымен қатар, екі мемлекет сыртқы саясат жетекшілерінің жеке кездесуі өтіп, онда қанды оқиғаға қатысты мәселе талқыланды. Ресейлік министр әріптестеріне қолға алынған шаралар үшін алғысын білдірді. Қазір екі мемлекет лаңкестік әрекетті бірігіп тергеуге уағдаласып, Ресей Тергеу комитеті Түркияға өз мамандарын жіберген.

Хабар 24 телеарнасы