388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Анкарадағы АҚШ елшілігіне қарулы адам кірмек болды

  • 584

Түркия полициясы Анкарадағы АҚШ елшілігіне қарумен кірмек болған бір адамды ұстады.

Қылмыскер тәртіп сақшылары тұтқындағанға дейін ауаға бірнеше рет оқ атып үлгерген. Бірақ ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиғадан кейін дипломатиялық өкілдіктің ғаламтордағы сайтында елшілік пен Ыстамбұл және Адан қаласындағы консулдықтар бүгін жабық болатыны жөнінде хабарлама пайда болды.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Анкарада жергілікті полиция қызметкері тапаншадан оқ атып, Ресейдің осы елдегі елшісін мерт қылған еді.

Хабар 24 телеарнасы