385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Келімсектер көшін тоқтату үшін Нигер 610 млн еуро алды

  • 1043

Еуроодаққа ағылған босқындар көшін тоқтатам деген уәдесі үшін Нигер 610 млн еуро алды.

Брюссель мен Ниамей қаржылай көмекті қарастырыратын келісімге қол қойды. Осылайша Африка елі шекарадағы бақылауды күшейтті. Жұмыс өз нәтижесін берді. Бұрын кедендік бақылауға шығатын Агадестен айына 70 мың келімсек өтсе, қазір олардың саны мың жарымға дейін қысқарған. Брюссель осыған дейін Малимен келісімге келген еді. Қазір Сенегал, Эфиопияға да өз ұсыныстарын жолдады. Алдағы он жылда Еуропа Африка экономикасына 60 млрд еуро жұмсайды деп жоспарланып отыр. Осылайша, шақырылмаған қонақтардың қарасын азайтпақ.

Даниеле Скалеа, геосаяси зерттеу институтының директоры:

- Еуроодақ шекарадағы бақылауды күшейтіп, келімсектердің санын қысқарту үшін осындай қадамға барып, ақша төлеп отыр. Қазір заңсыз шекараны асатындар көбейіп кетті. Келісім келешекте оң нәтижесін береріне сенемін.

Хабар 24 телеарнасы